Қоғам
1 мин оқу 810

Оралда қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы айтылды

<p style="text-align: justify;">Орал қаласында қоқыс жәшіктерінің бірінен жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарланған еді. Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы сәбидің қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы интоксикация (улану), гипотермия (суық тию) және гипогликемия (қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуі) белгілеріне байланысты орташа ауырлықта. Қазір нәресте облыстық көпсалалы балалар ауруханасында жатыр.
«Баланың салмағы - 2990 грамм, бойы - 52 см. Мидың КТ-сы бойынша гипоксия белгілері бар. Бұл жүктілік немесе босану кезінде балаға оттегі жеткіліксіз болғанын білдіреді. Кардиолог жүрегін УДЗ-ға түсіргенде 0,2 см ашық сопақ терезе диагнозын қойды. Ішкі мүшелердің УДЗ-ы бауыр паренхимасының орташа өзгерісі бар екенін көрсетті», делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, нәресте ауруханаға жеткізілгенге дейін 7-8 сағат бұрын туған.
Бөлісу:
Оралда қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің жағдайы айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар