Қоғам
1 мин оқу 341

Павлодар тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам өзін өртеп жіберген

<p style="text-align: justify;">Павлодар қаласындағы Малайсары батыр және Кіші айналма жол көшелерінің қиылысында 29 жастағы ер адам өзін өртемек болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Павлодар облысының полиция басқармасына сілтеме жасап.</p>

Оқиға салдарынан күйік алған ер адам ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, ер адам №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін, денесінің 65 пайызын күйік шалғанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде екі тұрғын өздерін бензинмен өртеп жібергені бейнеленген видео пайда болды. Видео авторының айтуынша, олар бұл әрекетті полиция қызметкерлері қысым көрсеткендіктен жасаған.

Павлодар облыстық полиция басқармасы бұл фактіні растап, оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бұған дейін ер адам Павлодар тұрғынынан ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Өз-өзіне қол жұмсау фактісіне қатысты ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Бөлісу:
Павлодар тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам өзін өртеп жіберген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар