Аймақтар
1 мин оқу 391

«Жол үстіндегі кітапхана»

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда кітапсүйер қауым үшін үр жоба іске қосылды. Бұдан бы&shy;лай қоғамдық көлік&shy;тегі кі&shy;тапқұмар оқыр&shy;ман қа&shy;ла&shy;ған көркем шығар&shy;ма&shy;сын жол үстінде оқи алады. Жоба &laquo;Жол үстіндегі кі&shy;тапхана&raquo; деп аталады.</p>

«Жол үстіндегі кітапхана»

Қолдау көрсеткен Қара­ғанды қаласыны әкімдігі. Са­наулы уақыттан соң Қара­ған­ды қаласының басындағы 60 қоғамдық көлікте электронды кітап оқуға осындай мүмкіндік жа­салады. Әзірге оның саны – 22. Бұл арада тек жо­­лаушының ақылды телефоны интернетке қосылулы болса жеткілікті. QR кодпен көркем шығарманы жүктей алады.

«Жол үстіндегі кітапхана» көліктің ортаңғы бөлігінде орналасқан. Онда әр көркем шығарманың QR-коды жа­зылған. Оқырман талғамына сәйкес қазақ, орыс, шетел әде­биеті бар. QR-кодты сканерлеу арқылы жолаушы қалаған туын­дысын телефонына жүктейді. Жоба халықтың бетін кітапқа бұруды мақсат тұтыпты.

«Жылжымалы кітапхана көр­кем әдебиетке оқырман тарту үшін жабдықталған. Қазақ, орыс және шетел классикасы секілді үш бөлімнен тұрады. Шы­­ғармалардың арасында Мұхтар Әуезовтің «Көксерек», Абай Құнан­байұлының «Ес­кен­дір», Александр Пуш­кин­нің ертегілері, Артур Конан Дойл­дың «Жоғалған әлем» және басқа да туындылары бар. Жо­баға жүру бағыттары ұзақ және жолаушылар ағыны қа­лың мар­­шруттар тартылды», дей­ді қала әкімдігінің баспасөз қыз­меті.

Баспаөз қызметінің мәлім­деуінше, кітапхананың цифр­лық мұрағатында барлығы 41 туынды. Оның 21-і қазақ классикасы, 14-і шетел және қалғаны орыс классикасы.

Қарағанды 

Бөлісу:
«Жол үстіндегі кітапхана» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар