Ауыр атлетика
1 мин оқу 344

Толағайларға табыс тілейміз

<p style="text-align: justify;">3-13 мамыр аралығында Оңтүстік Ко&shy;реяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жалауы желбірейді.</p>

Толағайларға табыс тілейміз

2024 жылғы Парижде өтетін Олимпия ойындарының іріктеу бәсекесі саналатын сары құрлық додасында Қазақстан құрамасынан 20 спортшы қатысады. Атап айтқанда, ерлер құрамасынан әлем және Азия чемпио­ны Арли Чонтей (55 кг), сондай-ақ ел бірін­шілігі мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары Өтепберген Әлиев (61 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Алексей Чуркин (73 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Асылжан Бектай, Сергей Петрович (екеуі де – 89 кг), Нұрғиса Әділетұлы, Артем Антропов (екеуі де – 102 кг) және Андос Самарқанов (109 кг) бас жүлде үшін таласады.

Ал әйелдер сайысында Айнұр Әбдіқа­лықова (45 кг), Екатерина Алякина (55 кг), Алина Колиушко (59 кг), Карина Горичева (64 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Айша Омарова, Айым Есжанова (екеуі де – 81 кг), Ди­нара Қыпшақбай (87 кг), Айсамал Сансыз­баева, Любовь Ковальчук (екеуі де – 87 килодан жоғары) ел намысын қорғайды.

Бөлісу:
Толағайларға табыс тілейміз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар