Теннис
1 мин оқу 220

Рекорд жаңарды

<p style="text-align: justify;">Теннистен әйелдер арасындағы еліміздің көшбасшысы Елена Рыба&shy;кина санаулы күндерден кейін әлемдік рей&shy;тингтегі өз рекордын жаңар&shy;тып, жаһан&shy;ның алтыншы ракеткасы атанады.</p>

Рекорд жаңарды

Себебі бұған дейін дүниежүзілік рейтингте 4-сатыда тұрған Тунис өкілі Онс Жабер жарақатына байланысты Испания астанасы – Мадридте өтіп жатқан «WTA 1000» турниріне қатысудан бас тартты. Былтыр дәл осы турнирде жеңімпаз атанған О.Жабер биыл сол атағын қорғауға тиіс болатын. Сон­дықтан ол енді дода біткеннен кейін 1 мың рейтингтік ұпайынан айырылып, жетінші орынға сырғиды. Ал жетінші орындағы Рыба­кина алтыншы орынға көтеріледі. Деген­мен жарыс барысында жақсы нәтижеге қол жеткізетін болса, тіпті рейтингте бұдан да жоғарылай алады.

Е.Рыбакина Мадридтегі жарысты екінші айналымнан бастайды. Ол бұл кезеңде ресей­лік Анна Калинская немесе чехиялық Бренда Фрухвиртованың бірімен кездеседі.

Бөлісу:
Рекорд жаңарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар