Қылмыс
2 мин оқу 6,480

Өрімдей қыздың өлімі

<p style="text-align: justify;">Оның арманы асқақ еді. Анасы да қызын тоғызыншы сыныпты тәмамдаған соң қасына алып, білімін колледжде жалғастыруын ойлас&shy;тырып жүрген екен. Қатарынан қалдырмай, бетінен қақпай өсірген ата-әжесі де сүйікті немеренің тілеуін тілеп, үлкен үміт артты. Әттең...</p>

Өрімдей қыздың өлімі

Өткенде Түркістан облысы Төрт­көл ауылының тұрғындары кісі қо­лынан қаза тапты делінген Аружан Орынбаеваны соңғы сапарға шыға­рып салды. Өрім­дей қыздың өлі денесі ауылдағы канал бо­йындағы жа­сан­ды бөгеттен табылды. Туыс­та­рының айтуынша, оқиға үй ар­тын­дағы канал маңында орын алған. Қас қарая телефонмен сөйлесіп жүрген қыз­дың бейнесі сол маңай­дағы каме­раға түсіп қалған. Кейіннен объек­­тивін өрмекшінің ауы торлап, көрінбей қалыпты. Әжесі Құрманкүл Салқын­бекова үйдің іргесіндегі арық­тың маңы әбден қан болғанын, күдік­тілер қылмысын жасыру үшін қызды суға тастағанын айтады.

Қайғылы оқиға мектеп ұжымын да ойға қалдырып отыр. Мұғалім­дер ­қаза тапқан қыздың да, оны өлтірді деп ­айыпталып отырған сол мектепте ­оқи­тын ұлдың да оғаш әрекеті мен өзара керіс­кенін көрмегендерін, күдіктінің жуас болғанын айтады. «Ол баланың бойынан ешқандай аутодеструктивті мінез-құлық табыл­маған. Сауалдама қорытындысы б­о­йын­ша ол өзі сәл қор­қақтау бала, одан бір қылмыс шығады деп біз мүл­­дем ойламадық», дейді Төрт­күл орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанат Қос­панов. Ал Аружанның туыстары тергеу әділ жүргізілгенін, өрімдей қызды өлтіргендер заң жүзінде тиісті жаза­сын алғанын қалайды. Күдіктілер жаза­дан жалтарып кете ме деп қорқаты­нын да жасырмайды. Себебі ұсталғандардың бірі экс-әкімнің ұлы екен.

Соңғы кездері жасөспірімдер арасында жиілеген әлімжеттік, буллинг, кемсіту, тіпті соңы ауыр қылмыспен аяқталып жатқан оқи­ға­лар көпшілікті алаңдатып отырғаны анық.

Түркістан облысы 

Бөлісу:
Өрімдей қыздың өлімі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар