Қостанайда бір жасар бала терезеден құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен бала аман қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Оқиға кеше түнде Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған.
Бір жасар бала 3-қабаттағы терезеден құлап кеткен. Баланы ересектер қараусыз қалдырған. Бала ашық тұрған терезеге шығып кетіп, құлап кеткен. Ол шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер жабық бассүйек-ми жарақаты, жағдайы ауыр деп диагноз қойды», деп хабарлады ведомстводан.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды. Қауіпсіздік мақсатында терезелерге жолақ немесе блокатор орнату ұсынылады.