Аймақтар
1 мин оқу 331

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Екібастұзда Қ.Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz <a href="https://t.me/POLICE_of_KZ/8281">Telegram</a> арнасына сілтеме жасап.</p>

Полиция мәйіттің жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қаңқалы мәйіттің үстінде: «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.

Бөлісу: