Аймақтар
1 мин оқу 630

Барсакелмес қорығында ерекше қызғалдақтар гүлдеді

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының Арал ауданында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар гүлдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Экология министрлігіне қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұсынған мәліметке сәйкес, Барсакелмес қорығында Борщовтың қызғалдақтары гүлдеген.

Борщов қызғалдақтары – орыс ботанигі Илья Григорьевич Боршовтың атымен аталған Арал өңірінің эндемикалық өсімдігі. Қызғалдақтың бұл түрі Барсакелмес қорығында кездеседі, сәуір-мамыр айларында гүлдейді, мамыр-маусым айларында жеміс береді. Жемісі – үш жасушалы көп тұқымды бүршік.

«Әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Біздің елімізде 35 түрі өседі, оның 18-і Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Борщов қызғалдағы да ерекше қорғалатын өсімдіктердің тізімінде бар», делінген комитет таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Барсакелмес қорығында ерекше қызғалдақтар гүлдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар