Қоғам
1 мин оқу 230

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Өскемен қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты. Қ.Бітібаева көшесіндегі тұрғын үйдің терезесінен қатты түтінді байқаған куәгерлер дереу өрт сөндіру қызметіне хабарласқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде жеткен. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт жоғары қабаттардың балкондарына тараған. Қалың, қара түтін бүкіл кіреберісті  шарпыған. 

«Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек болса, тағы екеуі - бала.​ Сондай-ақ бес тұрғынға түтінді кіреберістен эвакуациялануға көмек көрсетілді. Өрт ошағы болған пәтерде 1952 жылы туған ер адамға апаттар орталығы мен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жалын шамамен 5 балконды шарпыған», деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Бөлісу:
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар