Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды
<p style="text-align: justify;">Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Үкіметтің <a href="https://t.me/KZgovernment/5088">баспасөз</a> қызметіне сілтеме жасап.</p>
Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі деп жоспарланып отыр.
Айта кететін жайт, Премьер-министрінің сапары аясында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтіп жатыр. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.