Теннис
1 мин оқу 222

Алғашқы айналымнан қиналмай өтті

<p style="text-align: justify;">Пиреней түбегінде теннистен &laquo;Мас&shy;терс&raquo; санатындағы &laquo;WTA 1000&raquo; тур&shy;нирі басталды. Мадридтегі додаға әлем&shy;&shy;нің ең үздік теннисшілерімен қатар еліміздің де мықтылары қаты&shy;сып жатыр.</p>

Алғашқы айналымнан қиналмай өтті

Жерлестерімізден бірінші болып турнир­дің шымылдығын әлемнің 51-ракеткасы Юлия Путинцева ашып берді. Отандасымыз Мадридтегі жарыстың бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен төрт саты төмен тұрған америкалық Клэр Льюмен өткізіп, екі сетке жалғасқан матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екі теннисші бұған дейін қаңтар айында Аустралияның Хобарт қаласында ұйымдастырылған турнирдің 1/16 финалында кездесіп, ол кезде де бәсеке Путин­цеваның айқын жеңісімен аяқталған – 6:2, 6:4.

Енді Юлия жүлде қоры 7,7 млн еуродан асатын турнирдің үшінші айналымына шығу үшін әлемнің 5-ракеткасы франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі. Теннисшілер кортта бір-бірімен екі рет кездесіп, екеуінде де жерлесіміздің мерейі үстем болған. Бір қызығы, Путинцева мен Гарсия соңғы рет 2014 жылы шеберлік байқасқан екен.

Өкінішке қарай, ерлер арасындағы бәсе­кенің іріктеуіне қатысқан Тимофей Скатов негізгі кезеңге шыға алмады. Ол италиялық Марко Чеккинатодан жеңіліп қалды – 6:3, 2:6, 3:6. Ал кеше Александр Бублик колумбиялық Даниэль Элахи Галанмен шеберлік байқасты.

Бөлісу: