Теннис
1 мин оқу 250

Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Мадридте&nbsp;өтіп жатқан Мастерс турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-ракеткасы Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған колумбиялық Даниэль Элаи Галанмен өткізді.

Бірінші партия бір сағаттан астам уақытқа созылып, онда Бублик бесінші сетболын пайдалана алды - 7:6 (17:15).

Екінші сетте колумбиялық спортшы тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Бублик жеңісті жұлып алды - 6:4.

Александр Бублик екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, даниялық Хольгер Рунемен кездеседі.

Бөлісу:
Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар