Қазақстан
1 мин оқу 441

Білім беру саласында жаңа медаль пайда болады

<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрлігі &laquo;Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы&raquo; Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысына өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қаулының «Ведомстволық наградалармен марапаттау негіздемелері» деген бөлімінде «Мейірім – әлемге махаббатпен» медалі деген сөз «Мейірім» медалі болып өзгертілді.

«Мейірім» медалімен балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамытуға, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласын жетілдіруге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ балалардың әл-ауқатының деңгейін арттыруға, балалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, балалар инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін білім беру саласының қызметкерлері және өзге де адамдар марапатталады.

Құжат 16 мамырға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Бөлісу:
Білім беру саласында жаңа медаль пайда болады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар