Хоккей
1 мин оқу 261

Үшінші ойынында есе жіберді

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Францияның Анже қаласында өтіп жатқан әлем чем&shy;пионатындағы жеңісті жолын жал&shy;ғастыра алмады.</p>

Үшінші ойынында есе жіберді

Сергей Старыгин шәкірттері чемпио­наттағы үшінші тур ойынын Дания хок­кейшілерімен өткізіп, қарсыластарына ірі есеппен жол берді – 8:3. Кездесудің есебін үшінші минутта жерлестеріміз аш­қанымен, матч соңына дейін жеңісті уысында ұстап тұра алмады. Бұл матчта Қазақстан құрамасы сапынан Семен Симонов (3-минут), Әділ Бейсембаев (30) және Александр Ким (35) мергендік танытты. Ал Дания хоккейшілерінен Даниэль Ольссон, Альберт Шиолдан және Ларсен Матиас дубльдің авторлары атанса, Оскар Фискер Мёльгаард пен Оскар Гроссман бір-бірден гол соқты.

Үш турдан кейін Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен бірінші дивизионның «А» тобындағы турнир кестесінде екінші орынға түсіп қалса, Дания бірінші орын­ға кө­­те­ріліп алды. Жерлестеріміз чемпио­нат­тағы төртінші ойынын кеше Украина хок­кей­шілерімен өткізді.

Бөлісу:
Үшінші ойынында есе жіберді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар