Спорт
1 мин оқу 280

Қытай командасынан жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Вьетнамда волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлық додасына қатысып жатқан Өскеменнің &laquo;Алтайы&raquo; қатарынан екінші ойында жеңіске жетті.</p>

Қытай командасынан жеңіліп қалды

Бірінші турда Таиландтың «Дайамонд Фуд Файн» волейбол клубын 3:2 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз екінші турда Моңғолияның «Хувсгул Эрчим» командасымен кездесті. Небәрі үш партияға жал­ғасқан матчта Юрий Панченконы шә­кірт­­тері еш қиындықсыз 25:12, 25:9, 25:11 есебімен басым түсті.

Алайда кеше өткен үшінші турда жерлестеріміз Қытайдың «Ляонин Донхуа» клу­бынан жеңіліп қалды – 3:0 (25-19, 25-22, 25-21). «Алтай» төртінші турда Гонконгтің «Хип Хин» командасымен шеберлік байқасады. Бұл матч ертеңге жоспарланған.

Бөлісу:
Қытай командасынан жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар