Елорда
2 мин оқу 350

«Шекарасыз шыңдар» фестивалі

<p style="text-align: justify;">Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен сәуір айы Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату айы болып белгіленген. Осыған орай күні ертең Астанадағы &laquo;KeruenCity&raquo; сауда орталығында аутизммен ауыратын балалар арасында спорттық құзға шығудан фестиваль өтпек.</p>

«Шекарасыз шыңдар» фестивалі

Осы акцияға «Vista» спорт клубы, альпинизм және құзға шығу федерациясы­мен қатар «Qadam Special School», «Autism Qadam» қо­ры қолдау көрсетіпті. Фес­ти­вальдың тақырыбы «Шека­расыз шыңдар» деп аталады. Бұл іс-шараға «Qadam Special School» орталығы­­ның тәрбиеленушілері, яғни ­аутизммен ауыратын балалар өзде­рінің спорттық дағды­ла­рын көрсетеді. Осы мезетте бал­ғындардың ата-аналары «KeruenCity» сауда орта­лы­ғында құзға шығудан бақ сы­найды. Бізге «Autism Qadam» қо­рының президенті Айсұлу Мәжен елде алғаш рет ұйым­дастырылатын фестивальдың мән-маңызы жайында айтып берді.

– Біздің қор аутизммен ауыратын балаларды қолдау мақса­тын­да түрлі жобаларды қолға алып, үйлесімді іс­ке асырып келеді. Оның ішін­де білім беру саласындағы және спорт бағытындағы жобаларды атап өтуге болады. «Qadam Special School» орталығы да тиімділігін көрсетті. Былтыр өзім бас­тап, еліміздегі аутизм­мен ауыратын балаларға ар­нал­ған ал­ғашқы спорттық құз­ға шы­ғу секциясын іске қос­тық. Ен­ді ертең, 28 сәуірде, біз бі­рін­ші фестиваль өткізуді ой­лас­тырдық. Оның мақсаты аутизмі бар балалар спорт­тың осы түрімен табыс­ты айналыса алатынын көрсету болып отыр. Әрине, уақыт сәті­мен еліміздің басқа өңір­лері де біздің бастама­ны қол­дайды деп үміттенеміз, дейді А.Мәжен.

«Qadam Special School» орталығының балалары «Vista» спорт клубы ма­ман­да­­рының көмегімен спорт­тық құзға шығу негіз­дерін иге­ріп жатқанына жылдан асқан. Бұл секция елдегі аутизммен ауыратын балалардың спорттық құзға шығумен айналысуына таптырмайтын алғашқы сек­ция екенін еске саламыз. Қазір осы орталықта 20-ға жуық бала шынығады. «Autism Qadam» қоры бір мезгілде ­14 жаттықтырушыны оқы­­тып, олардың ерекше бала­лар­мен жұмыс істеу дағдыла­рын меңгеруге ықпалдас­қан. Статистикаға зер сал­сақ, кейінгі онжылдықта аутистік спектрінің бұ­зылуы бар балалардың саны он есе артқан. Бүгінде әлемдегі әрбір 36 бала сол қатарға кі­­реді. Аутистік спектрінің бұ­зылуы байқалған балалар­ға жәрдемдесудің кешенді, тиім­ді тәсілдерінің бірі – спортқа баулу. Осы тұста құз­ға шығу спорты барлық бұл­шық ет топтарына белсенді әсер ететін, физикалық бел­сенділікті арттыратын спорт­тың ерекше түрі саналатынын тағы бір еске саламыз. Өйт­кені мұнда балалар епті, төзімді болып, қозғалысын бақылауды үйреніп қоймай, логикалық ойлауын дамыта­ды. Әрі спорттың осы тү­рінде жарақат алу қаупі тө­мен. Жыл ішінде «Qadam Special School» орталығының тәр­биеленушілері жалпы әл-ауқаты мен денсаулық жағ­­дайының айтарлықтай жақ­сарғаны байқалған.

Бөлісу: