28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болжанды.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +25+27 градус.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +25+27 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +29+31 градус.