Қоғам
1 мин оқу 1,020
Жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған ана табылды
<p style="text-align: justify;">24 сәуір күні қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған болатын, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

24 сәуірде қоқыс жәшігінен шақалақтың табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Нәресте анадан туған күйінде полиэтилен пакетінде болған.
Табылған сәбиді дәрігерлер қарауына алды. Олардың айтуынша, бала табылғаннан 7-8 сағат бұрын дүниеге келген.
Полиция нәрестенің анасын іздеп тапты. Ол 25 жастағы әйел болып шықты. Жас ана ажырасқан. Әйелдің қоқыстан табылған сәбиінен өзге 3 баласы бар.
Ал қаладағы қамқоршылық бөлімі баланы асырап алуға рұқсат берілетінін айтты.
Бөлісу: