Қаржы
1 мин оқу 600

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы белгіленді

<p style="text-align: justify;">Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 452-457 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 457 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 453 – 456,5 теңге аралығында құбылып тұр.

27 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,26 теңгеге қымбаттап, 456, 22 теңге болған.

Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 456, 21 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,60 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,48 - 5,58 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы белгіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар