Тағайындау
1 мин оқу 1,921

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Бұл лауазымға Президент Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Марат Мурзиев тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Марат Бисенғалиұлы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер, Т.Рысқұлов атындағы жаңа экономикалық университетін экономист мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Атырау табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2004 жылы Атырау қаласы прокурорының көмекшісі, 2006-2009 жылдары заңгер, түрлі компаниялардағы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер қызметінде болған.

2009 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау ауданы әкімінің аппаратында әкімнің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2010-2011 жылдары – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім басшысы, Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012 жылы – Атырау облысы әкімі аппараты басшысының құқықтық қамтамасыз ету және бақылау жөніндегі орынбасары, 2013 жылы – Атырау облыстық Тексеру комиссиясының төрағасы.

Ал 2017 жылдан Исатай ауданының әкімі, 2021 жылдан бері Құрманғазы ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Бөлісу:
Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар