Спорт
1 мин оқу 613

Пара дзюдошы Ерғали Шамей Азия чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Ерғали Шамей пара дзюдодан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;пара дзюдо федерациясына сілтеме жасап.</p>

Пара дзюдошы Ерғали Шамей Азия чемпионы атанды

Ол финалда көзі мүлдем көрмейтіндер санатында (J1) 73 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шохрух Мамедовты жеңді.

Ал қола жүлдені ирандық Махди Борчлоу мен қырғызстандық Маматибраим Суранов жеңіп алды.

Айта кетейік, бұл Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен үшінші медаль. Бұған дейін әйелдер арасында Даяна Федосова (J2-57 кг) - «алтын», Ақмарал Науатбек (J2-52 кг) «күміс» алған болатын.

Пара дзюдодан Азия турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Жарыс 30 сәуірге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Пара дзюдошы Ерғали Шамей Азия чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар