Президент
1 мин оқу 491
Президентке елорданы көгалдандыру жоспары таныстырылды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек, атап айтқанда түрлі ағаш көшеттері мен көпжылдық гүлдер отырғызу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Есіл өзені бойындағы рекреация аймақтарына және саябақтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекет басшысы қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау маңызды екенін атап өтіп, елорданы абаттандыру ісіне баса назар аударатынын айтты.
Бөлісу: