Ғылым
1 мин оқу 280

Қосымша ақы көбейді

<p style="text-align: justify;">Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы төлеу мәселелері де қаралды.</p>

Қосымша ақы көбейді

12 сәуір күні Президент жанындағы Ғы­лым және технологиялар жөніндегі ұлт­тық кеңестің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың мәртебесін кө­теру, оның ішінде қаржылық қолдау көр­сету қажеттігін атап өткені есімізде. «Біз ғалымдарымыздың мәртебесін дә­йек­ті түрде арттырып, олардың әлеу­мет­тік қорғалуын күшейтуіміз қажет. Осы мақсатта жоғары оқу орындары мен­ ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің ғы­лыми дәрежелері мен атақтары үшін қо­сым­ша ақыны 1,5 есеге арттыру керек», деген еді Президент.

Сонымен жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар үшін келесідей қосымша төлемдер жоспарланған:

  • философия докторы (PhD), сала бойынша доктор дәрежесі үшін 17 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;
  • философия докторы (PhD) ғылыми дә­ре­жесі және доцент, ғылым док­то­ры­­ ғылыми атағы және доцент ғылы­ми­­ атағы үшін 25 еселенген АЕК мөлшерінде;
  • ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін 17 еселенген АЕК, ғылым докторы үшін 34 еселенген АЕК мөлшерінде;
  • ғылым кандидаты ғылыми дә­ре­жесі және қауымдастырылған про­фес­сор ғылыми атағы үшін 25 есе­лен­ген АЕК, ғылым докторы және қа­уым­дас­ты­рылған профессор ғы­лы­ми атағы үшін 42 еселенген АЕК мөл­ше­рінде;
  • философия докторы (PhD), сала бо­йынша доктор және профессор ғылыми атағы үшін, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі мен профессор ғылыми атағы үшін, ғылым докторы ғылыми атағы бар профессорлар үшін 50 еселенген АЕК мөлшерінде. 
Бөлісу: