Спорт
1 мин оқу 344

Дин Лижэнь шахматтан әлем чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Бүгін елордада классикалық шахматтан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қытайлық гроссмейстер Дин Лижэнь ресейлік Ян Непомнящийден басым түсіп, шахматтан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасында жоспарланған барлық 14 партия аяқталып, шахматшылардың күштері тең түсті. Сол себепті жеңімпаз тай-брейкте анықталды. 

Тай-брейкте шахматшылар рапидтен төрт партия ойнады. Оның үшеуінде екі спортшы тең түссе, соңғысында қытайлық спортшы жеңіске жетті. Осылайша Дин Лижэнь шахматтан 17-ші әлем чемпионы атанды. 

Матчтың жалпы жүлде қоры екі миллион еуроны құрайды. Жеңімпаз тай-брейкте анықталғандықтан, Дин Лижэнь соманың 55 пайызын, ал Ян Непомнящий 45 пайызын алады.

Бөлісу: