Спорт
1 мин оқу 490

Ангелина Лукас WBC International атағы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан боксшысы Ангелина Лукас (3-0, 2 КО) Ыстанбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.sports.kz/news/samaya-seksualnaya-boksersha-kazahstana-zavoevala-titul-wbc" rel="nofollow">Sports.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Ангелина мексикалық Анна Аррасоламен (28-16-3, 14 КО) жұдырықтасты. Бұл кездесу жеңіл салмақта өтті және ол 2 минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Жеңімпаз WBC International чемпионы атағын жеңіп алуы тиіс еді. Ақыры, жекпе-жек  Ангелинаның жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби рингтегі 4-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Анна Аррасола болса, өз мансабында 17-ші рет жеңілді.

Бөлісу: