Ауа райы
1 мин оқу 490
Ертең елімізде ауа райы қандай болады?
<div class="content" style="text-align: justify;">Синоптиктер 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр жауады. Маңғыстау облысында кей уақытта қатты жауын болады.
Шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі. Алматы облысында кей уақытта қатты жауын-шашын болады.
«Қазақстанда жел күшейіп, республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн күркіреп, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік пен шығыста тұман, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болады», делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 15-17 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына солтүстік-шығыстан 8-13 метр, күндіз 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Бөлісу: