Аймақтар
1 мин оқу 330

Павлодарда саяжайдан өрт шықты

<div class="description" style="text-align: justify;">Павлодардағы &laquo;Яблонька&raquo; бау-бақшасынан шыққан өрт 6 гектар жерді шарпыды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«Яблонька» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 15:19-да түскен.

Өртті жою үшін шақыру орнына Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 33 қызметкері мен 7 техникасы жіберілді.

Шақыру орнына жеткенде, шамамен 6 гектар аумақтағы саяжай мен құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Сонымен қатар, өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысып жатыр. Оқиға орнында сумен жабдықтау ұйымдастырылған. Өрт сөндіріліп жатыр.

Бөлісу:
Павлодарда саяжайдан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар