Аймақтар
1 мин оқу 455
Шымкентте тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында Ерімбетов, 38 көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Оtyrar.kz порталының жазуынша, жергілікті тұрғындар оқиға туралы 1 мамыр күні сағат 16.00 шамасында полицияға хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мәйітті бастапқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған жоқ.
Полицейлер марқұмның жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туған, еліміздің азаматтығын алған Өзбекстан тумасы болып шықты. Әзірге өлімнің нақты себебі анықталған жоқ.
Бөлісу: