Ауа райы
1 мин оқу 350

Ертең республика бойынша жел күшейеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», деді синоптиктер.

Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл, солтүстікте, солтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Түнде Алматы облысының таулы аймақтарында, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында, солтүстікте, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1-7 градус аяз күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз +12+14°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте де көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с, күндіз 23 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +24+26°С.

Бөлісу:
Ертең республика бойынша жел күшейеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар