Теннис
1 мин оқу 230

Іріктеуді жеңіспен бастады

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Шымкентте теннистен 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтіп жатыр.</p>

Іріктеуді жеңіспен бастады

Жарыстың алғашқы күні еліміздің жасөспірім қыздар құрамасы Вьетнам теннисшілерімен шеберлік байқасып, қарсыластарынан үш ойында да басым түсті – 3:0. Бірінші бәсекеде Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірсе, екін­ші матчта Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Ал жұптық сында Ариана Гогулина мен Анастасия Крымкова вьет­намдық апалы-сіңлілі Нголарды екі сетте – 6:3, 6:0 нәтижесімен қапы қалдырды.

Сонымен қатар кеше жерлестеріміз Иран теннисшілерінен де айласын асыра білді. Бірінші кездесуде Анастасия Крым­кова Анастасия Атфиді екі сетте – 6:3, 6:3 есебімен жеңсе, екінші ойында Ариа­на Гогулина аттасы Ариана Яздани­ді де дәл сондай есеппен жеңді – 6:3, 6:3. Осы­лайша, Яро­слава Шведованың шәкірттері мер­зі­мі­нен бұрын турнирдің ширек финалына шықты.

Бөлісу:
Іріктеуді жеңіспен бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар