Ауыл
2 мин оқу 340

Қора қозыға толды

<p style="text-align: justify;">Мал шаруашылы&shy;ғын кәсіпке айналдыр&shy;ған Ке&shy;ген ауданын&shy;да 54 334 ірі қара, &shy;<br />30 549 бас жылқы бар. Аталған аудан&shy;дағы шаруа қо&shy;жа&shy;лық&shy;тар саны &ndash; 1 501 болса, оның алтауы асылтұқымды ша&shy;&shy;руа&shy;шылық санатын&shy;да. Атап айтсақ, &laquo;Каз мясо&raquo; ЖШС-і 4 200 бас абердин ангус, &laquo;Көлсай құ&shy;рылыс&raquo; ЖШС-і &laquo;Әулие&shy;көл&raquo; аталатын асыл&shy;тұқымды ірі қара өсіруде.</p>

Қора қозыға толды

Сонымен қатар «Сенім» шаруа қожалығы – 3 000 бас, «Дархан» шаруа қожалығы – 2 500 бас, «Құмтекей» және «Тантыбай» ша­руа қожа­лық­­­тары 2 100 бастан арқар-ме­ринос қойын асылдандырумен айналысып отыр.

Бүгінде аудан бойынша 210 659 бас қой-ешкі болса, со­ның ішінде 104 707 бас сау­­лық төлдеп бітуге таянды. Қа­зіргі нәтиже бойынша әр жүз сау­лықтан 95-100 қозыдан алу жос­пары толық орындаларына сенім мол.

Биылғы көктем малшылар үшін қолайсыздау болып, бір­шама қиындық тудырды. Ауа райының құбылмалы­ғына қарамастан жаңа туған төлді аман-есен аяқ­тан­ды­рып, шы­ғынға жол бермеуге бар қа­­жыр-қайраттарын салып, тайлы-таяғымен жұмылып жатыр. Соның бірі – Сарытаудың баурайында 695 бас асыл тұ­қымды арқар-мери­нос қойын төлдеткен Жұмаш Суатаев иелік ететін «Ұлар­лы» шаруа қо­жалығы.

– Сәуірдің басынан бас­тал­ған төл алу науқанына тыңғылықты дайындықпен келдік. Бұл сындарлы сәттен мал басын аман алып шығуға он шақты төлші тыным таппай қолғабыс жасап жатыр. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген, бір кісідей жұмыла еңбек етудің арқасында жаңа туған төлдің енесіне еріп, өрісті жас төлге толтыруға күш салуда­мыз. Малдың жартысынан көбі төлдеп болды, деген шаруа қожалығының басшысы Жұмаш Суатаев бұған қоса ет бағытындағы 100 бас аналық ірі қараның да бұзау ерткенін тілге тиек етті.

«Мал баққанға бітеді» де­меуші ме еді аталарымыз. Сол айтқандай еселі еңбек, төк­кен тердің арқасында аталған аудан­да мал төлдету науқаны жақсы нәтижелермен аяқталар күн
жақын.

Алматы облысы

Бөлісу:
Қора қозыға толды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар