Анталияда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай отандастарымыздың қатысуымен салтанатты іс-шара өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мәдени бағдарлама аясында қатысушылар қазақ ұлттық аспаптарында музыкалық шығармаларды орындады. Сондай-ақ шығармашылық ұжым қазақ халық билерін ұсынды, ал соңында балаларға арналған шығармашылық байқау өткізілді.
ҚР Бас консулы Қуат Қанафеев қатысушыларды мерекемен құттықтап, мұндай іс-шараларды өткізудің маңыздылығына тоқталып, отандастар арасындағы достық пен бірліктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Мерекелік іс-шара үйлесімділік, бейбітшілік және келісім идеясына сәйкес келіп, отандастарымызға жылы әсер қалдырды.