Спорт
1 мин оқу 303

Олимпиада елінен 8 медаль

<p style="text-align: justify;">Грекияның бас шаһары &ndash; Афинада өткен тректегі велоспорттан халық&shy;аралық жарыста Қазақстан құрамасы 8 жүлдеге ие болды. Оның бесеуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Додада ел намысын 5 спортшы қор&shy;ғады.</p>

Олимпиада елінен 8 медаль

Мәселен, кейрин бағдарламасы бойынша ерлер арасындағы бәсекеде ел чемпионы, Токио олимпиадасына қатысушы Сергей Пономарев алдына жан салмай, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ал спринттегі сайыста ұлттық құраманың өкілі Андрей Чу­гай топ жарса, Сергей Пономарев қола жүл­деге ие болды.

Омниум жарысында Рамис Дінмұхамедов алтын, Артём Захаров күміске қол жеткізсе, дэдисоннан топтық жарыста Артём Захаров пен Рамис Дінмұхамедов мәре сызығын бірін­ші болып кесті. Сондай-ақ топтық жа­рыс­та Артём Захаров жеңіс тұғырынан кө­рінсе, скретч бойынша күміс медальге ие болды.

Бөлісу:
Олимпиада елінен 8 медаль · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар