Спорт
3 мин оқу 380

Өрендердің Гимназиада мен Азия чемпионатына әзірлігі қандай?

<p style="text-align: justify;">Жақында 2009-2010 жылы туған өрендер арасында бокс&shy;тан ел чемпионаты өтіп, оған еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 299 балғын былғары қолғап шебері қатысты. Жарыс бір аптаға созылды. Себебі биылғы чемпионаттың маңызы зор.</p>

Өрендердің Гимназиада мен Азия чемпионатына әзірлігі қандай?

Сонау Тараздан ат арытып келген еліміз құрама командасының аға бапкері Мақсат Оспановтың айтуынша, тамыз айында Бра­зилияның Рио-де-Жанейро қа­ласында ұйымдастырылатын әлемдік Гимназиадада спорттың 22 түрінен жан алысып, жан беріскен сайыстар өтпек. Со­ның бірі – бокс. Содан кейін қа­зан айында Дубайда Азия чем­пионатының жалауы жел­біремек. Міне, осы екі сайысқа да еліміздің өрендері қатысып, намысты қолдан бер­меу­ге тырысады.

Ел чемпионатының салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт бас­қармасы басшысының орынбасары Серік Құсамбаев, жаңадан тағайындалған облыстық феде­рацияның президенті, «Мұзтау және К» ЖШС директоры Жан­болат Қазанов, бокстың арда­герлері сөз алып, өскін бокс­шы­ларға сәттілік тіледі.

Жарыс 15 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Жарыстың бірінші күні Түркістан облысынан, Шым­кенттен, Жамбыл облысы­нан, Өскеменнен келген Аян Жандосұлы, Қаныбек Бақдәулет, Бақытбек Жігер, Құралбай Бақ­дәулет, тағы басқалар шаршы алаңда әдемі жұдырықтасты. 33 және 70 килодан жоғары сал­­­мақтағы боксшылар бір рет ұтыл­­са, шығып қалады. Ұлы­тау об­лы­сынан Өскемендегі сайысқа сегіз боксшы келіпті. Сәтбаев қала­сындағы балалар және жас­өспірімдер спорт мектебінің жат­тықтырушысы Есіркеп Дү­сіпов өзінің екі шәкіртін алып келгенін, алайда біреуі жарыстан шығып қалғанын өкіне айтты.

Жарысқа бокстан еліміздің мемлекеттік жаттықтырушысы, әлем чемпионы Мерей Ақ­шалов, «Астана арландары» сапында әлем чемпионы атан­ған Мирас Байырханов, КСРО спорт шебері Владимир Ре­чинский, кәсіпқой бокс­тан әлем чемпионы Марат Мә­зімбаев, КСРО спорт ше­бері Ер­жан Айжігітов пен тағы басқа да атағынан ат үркетін бокс ардагерлерінің қатысуы жа­рыстың көрігін қыздыра түсті. Ал кездесулер аса тартыст­ы өтті. Мәселен, ең жеңіл салмақ – 33 килода павлодарлық Уә­лихан Рамазанов ақмолалық Қорғанбек Балтинді үш раунд бойы шабуылдап, нәтижесінде қарсыласын шүбәсіз ұтты. 35 кило сал­мақта Алматы қала­сынан келген Те­мірлан Қан­сейітов қарсыласы жамбылдық Сұлтан Сырымнан басым түсіп, чем­пион атанды. Бұл екеуі де спорт шеберлігінен үміт­кер атанды. Жарыстың ере­жесі бойынша бас жүлдеге ие болғандар осы атаққа ие болып, алдағы дүбірлі екі додаға үміткер атанады. 49 кило салмақта Маң­ғыс­тау облысынан келген Да­рын Тасмұханбетов қар­сы­ласы жамбылдық Айт­жан Әділжаннан екі раунд бойы ұтылып жатқан. Соңғы шешуші раундта белсенді қи­мылдап, жеңісті жұлып әкетті. Жа­рыстың қоры­тындысында Да­рын «Чем­пио­наттың ең үз­дік боксшысы» атанды. Ал Абай облы­сының бокс­шысы Қ­айыр­ға­зы Нұрасыл «Жеңіске деген жі­­гері үшін» аталымына ие болды.

Соңғы финалдық сайысқа Түркістан мен Жамбыл облысынан жетіден, ал Шығыс Қазақстан облысынан бес бокс­шы шықты. Жиналған жан­күйерлер осы үш облыс рет-ретімен командалық есепте жүл­делі орындарды бө­лісетін шығар деп ойлаған. Олай болмады. Нәтижесінде, Түр­кістан облысы 5 алтын, 2 кү­міс, 2 қоламен топ жарды. Екінші орынды 4 алтын, 1 қоламен Шы­ғыс Қазақстан облы­сының командасы иеленді. Ал бар­лығы 11 медаль – 3 алтын, 4 күміс, 4 қо­­­ла алған Жамбыл облы­сы­ның тү­лектері үшінші орынға жай­­­ғасты.

Қорыта айтқанда, жас­өс­пірімдер арасындағы ел чемпионаты жоғары дең­гейде өтті. Қазақ елінің 13-14 жастағы бокс­шыларының дү­­бірлі екі додаға әзірлігі ой­дағыдай деуге негіз бар. Шығыс Қазақстан облыстық бокс фе­де­ра­циясының президенті Жан­­болат Қазанов, орынбасары Мирас Байыркенов, тағы басқаларға жиналғандар алғысын білдірді. Алда тұрған міндет – боксшылардың шеберлігін шың­дап, Рио-де-Жанейро және Ду­байдағы дүбірлі додаларға ба­бымен шығарып салу. Ал­матыдағы олимпиадалық даяр­­лау орталығы (басшысы Се­рік Жа­расбаев) нағыз талантты бокс­шыларды дұрыс таңдайды деген ойдамыз.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

Қазақстанның құрметті спорт қайраткері

ӨСКЕМЕН

Бөлісу:
Өрендердің Гимназиада мен Азия чемпионатына әзірлігі қандай? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар