Технология
2 мин оқу 830

Жасанды интеллект саласындағы жарыс

<p style="text-align: justify;">Жасанды интеллект (AI) көмегімен ауқымды деректерді талдайтын &laquo;Presight AI&raquo; компаниясы мен &laquo;Astana Hub&raquo; халықаралық технопаркі &laquo;AI Battle&raquo; жарысын өткізді. Жарыс жасанды интеллект, үлкен деректер және машиналық оқыту саласындағы стартап-идеялар деңгейін көтеруге әрі бизнес аясын кеңейтуге бағытталған.</p>

Жасанды интеллект саласындағы жарыс

Жарысқа 50-ден аса өтінім түскен. Соның ішінде 11 стартап финалдық дода­ға өтті. Олар өз жобаларын 3 минуттың ішінде қазылар алқасына таныстырып, кәсіби кеңестер, ұсыныстар мен әлеуетті серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды.

– Біз «Astana Hub»-пен серіктестік аясында «АI Battle» байқауын ұйымдас­тырып, жасанды интеллектінің шексіз әлеуетін пайдалануға ұмтылатын жаңа стартаптарға қолдау көрсетуге ниетті­міз. Мақсатымыз – жасанды интеллект арқылы ауқымды деректерді талдаудағы тәжірибемізге сүйене отырып, оларға дамып, жаңа байланыстар табу үшін қа­жетті ресурстар мен платформаны ұсыну. Жеңімпаздар индустрияның дамуына үлкен үлес қосады деген ойдамыз, – дей­ді «Presight AI» бас директоры Томас Прамотедхам.

«Alaqan», «Relive» және «ARA» стартаптары үш негізгі аталымда жеңімпаз атанып, сәйкесінше 10 мың доллар, 5 мың доллар және 3 мың доллар жүлде қорына ие болды.

– Жасанды интеллект және үлкен дерек­тер саласында белсенді жұмыс істеп жат­қан отандық стартаптардың көбе­йгені қуантады. Бүгінгі дәуір­де деректерге негізделген аналитика маңыз­ды рөл атқарады және оларды өз биз­не­сіне енгізетін стартаптарымызды дамыту қажет. «Astana Hub» мен «Presight AI» серіктестігі және алдағы бір­ле­скен бағдарламаларымыз арқылы кәсіп­орын­дар мен стартаптарға өздерінің инно­вация­ларын енгізу үшін қажетті қолдау көрсетуді мақсат етіп отырмыз, – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин.

Естеріңізде болса, биыл қаңтарда «Astana Hub» Біріккен Араб Әмірлік­терінің «Presight AI» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы келісім аясында «Group42» операциялық компания­сы «Presight AI» «Astana Hub» қа­ты­­сушыларының стартап жобала­рын вен­чурлық қаржыландыру мүмкіндігін қарас­тырып жатыр. Сондай-ақ «Presight AI» Қазақстан, Орталық Азия, Әзербайжан және Моңғолиядан келген технопарк қатысушыларының стартап жобаларына Таяу Шығыс пен Африка нарығына шығуға көмектеседі.

Жасанды интеллект – аса маңыз­ды және ең жылдам дамып келе жатқан ­тех­но­логиялық үрдіс. Сарапшылардың де­регі бойынша AI жаһандық нарығы­ның көлемі бағдарламалық-техникалық құралдар мен қызметтерді қосқанда, 2021 жылы 383,3 млрд долларды құрады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 20,7 пайызға жоғары. Өткен жылы нарық шамамен ­450 млрд долларға өсті және алдағы уақыт­та да осындай динамика жалғаспақ.

Бөлісу:
Жасанды интеллект саласындағы жарыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар