Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты
<p style="text-align: justify;">Бүгін Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Гүлмира Сатыбалды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Гүлмира Сатыбалды 28-баптың 3-бөлігінде және 125-баптың 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды», деді судья Кемеңгер Имашев.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде Мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.
Айта кетейік, кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. Антикор «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.