1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды
<p style="text-align: justify;">Қаржы министрлігі «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» бұйрыққа түзетулер әзірледі, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Нақтырақ айтсақ, фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағасын мынадай мөлшерде белгілеу ұсынылады:
- 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 710 теңге;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.
Түсіндірілгендей, темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасының көтерілу себептері:
- 2023-2024 жылдары акциз мөлшерлемесінің 14% артуы;
- импорттық шикізат пен материалдардың құны орта есеппен 20% артуы;
- темекі өнімдерінің шикізаты мен құрамдас бөліктерін логистиканың айтарлықтай күрделенуі;
- 2022 жылы инфляцияның 20,3%-ға дейін өсуі.
Темекі мен темекі шегуді тарату мен пайдалануды қысқарту аясында темекі бағасы да көтеріледі.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді деп көзделіп отыр.
Құжат 19 мамырға дейін Ашық НҚА сайтына жарияланған.