Димаш Құдайбергеннің Түркиядағы концерті ауа райына байланысты басқа жерде өтетін болды
<p style="text-align: justify;">6 мамырда Антальяда жарияланған дауылды ескертуге байланысты Димаштың «Stranger» концерті Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына Antalya EXPO 2016 аумағына ауысады. Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің <a href="https://www.instagram.com/p/Cr0dculNoKf/?igshid=MDJmNzVkMjY%3D">Instagram </a>парақшасында хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін концерттің барлық көрермендері сізді Ақдениз стадионынан жаңа алаңға және кері қайтаратын тегін жайлы трансфер күтеді. Кері қайтуға уақыт шектеулері жоқ. Концерт залына трансферді қолданбай-ақ, өздігіңізбен жетсеңіз де болады. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!», деп жазды әнші.