Өнер
1 мин оқу 1,000

Астраханда «Адай» күйі асқақтады

<p style="text-align: justify;">Биыл қазақтың қай&shy;та&shy;ланбас композиторы, күй&shy;ші Құрманғазы Са&shy;ғыр&shy;&shy;байұлының туға&shy;ны&shy;на 200 жыл толады. Осы&shy;ған орай Ресей Феде&shy;рация&shy;сын&shy;дағы Астрахан облы&shy;сының домбырашылары ком&shy;пози&shy;тор&shy;дың &laquo;Адай&raquo; күйін орын&shy;дап, Атырау об&shy;лысына челлендж жолдады.</p>

Астраханда «Адай» күйі асқақтады

Ресейде тұрғанымен, ұлттық өнерден тамыр үзбеген домбырашылар бұл күйді Құрманғазы кесенесінің алдында тартты. Дом­бы­рашылардың арасында ересектер де, балалар да бар.

– Қазақтың ұлы композиторы, күйші, домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойына орай челлендж бастауды жөн көрдік. Біз – Астрахан облысының домбырашылары челленджімізді Атырау облысына жолдаймыз, – дейді Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығының директоры Амангелді Әбілғазиев.

Құрманғазы Сағырбайұлы Ресей Федерациясындағы Ал­тын­жар ауылында жерленген. Бұл ауыл Астрахан облысының Володар ауданында орналасқан. Аталған ауылда тұратын қандастардың қатары көп.

– Алтынжар ауылында 2005 жылы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығы ашылды. Қазір аталған орталық Ас­трахан об­лысындағы маңызды мәдени және танымал туристік нысан­дарының біріне айналды. Біздің орталыққа алыс-жақын шетелдерден жыл сайын 1000-ға жуық адам келеді. Туристерге Құрманғазы Сағырбайұлының, онымен замандас болған қазақтардың өмірі туралы мағлұмат береміз, – дейді Амангелді Әбілғазиев.

Оның айтуынша, орталықтағы музейде ұлы күйшінің шығар­машылығы мен өмірінен сыр шер­­тетін түрлі экспонат қойыл­ған. Ор­талық жанынан құрылған «Са­мал» қазақ музыкалық ансамблі мен «Белый город» орыс му­зыкалық ансамблінде 40-қа жу­ық адам жұ­мыс істейді. Дені – қан­дас­та­ры­мыз, арасында 25 домбырашы бар.

Атырау облысы

Бөлісу:
Астраханда «Адай» күйі асқақтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар