Қоғам
2 мин оқу 610

Естай ақынға құрмет

<p style="text-align: justify;">Биыл қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері Естай Беркімбайұлының туғанына &ndash; 155 жыл. Ол қазіргі Павлодар облысының Екібастұз қаласына қарасты Қаражар ауылында өмірге келіп, аталған өңірдің Ақтоғай ауданында, қазіргі Естай ауылында дүние салған.</p>

Естай ақынға құрмет

Ұлт өнеріне өлшеусіз үлес қосқан өнерпаздың есімін еске алған Естай ауылының жастары бірқатар шарапатты іс-шараны жүзеге асыр­ды. Дәлірек айтсақ, С.Мүт­кенов атындағы жалпы ор­та білім беретін мектепте «Ар­­дақтайық Сарыарқаның асылын» тақырыбында Ес­тай ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына, ән­де­рінің тарихына арналған ғы­лыми жобалар сайысы өтті. Жо­ба­лар сайысында 1-орынды Гүлнар Сәрсен алса, 2-орынды Қызғалдақ Ораз­ғали еншіледі, 3-орын Ерболат Нұрбайға бұ­­йырды. Жүлделі болған оқу­­шыларды ынталандыру мақсатында Естай ауылының жастары ақшалай сый-сияпат табыстады.

Мектеп директоры Райгүл Тұрсынбайқызы шәкірттердің шабытын оятып, талабын ұш­тауға үлес қосқан Естай ауы­лының жастарына риза­шы­лығын білдірді.

«Қазақта «Туған жерге туың­ды тік» деген жақсы сөз бар. Осы бір тәлімді тәмсілді ауыз­бен айтып қана қоймай, іс жүзіне асыр­ған жастардың әсерлі әрекеті бә­рімізді сүй­сінтті. Бір кездері өзі­міздің ауыл­дан білім алып, қанат қаққан оқушыларымыздың туған жерге ат басын бұрып, бү­гінгі атқарған шаруалары ер­теңгі бал­дыр­ғандарға үлгі болары анық», деді ол.

Сонымен қатар Естай есімін ұлықтап, жастар арасында насихаттау мақсатында шағын футболдан турнир өтті. Естай Беркімбайұлының кесенесіне барып, құран бағыштаудан басталған игілікті іс-шара кешке дейін жалғасты.

Тоқсан ауыз сөздің тобық­тай түйіні, ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы Естай Беркімбайұлының есімін жаң­ғыртуға, ұлт жадынан өшір­­­меу­ге бағытталды.

Рауан ҚАЙДАР,

журналист

Павлодар облысы

Бөлісу:
Естай ақынға құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар