Қоғам
1 мин оқу 370

Казино заңгері пара бергені үшін сотталды

<p style="text-align: justify;">2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды. Сондай-ақ ол жиырма есе мөлшерде айыппұл төлейтін болды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Антикордың мәліметінше, ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешіп бергені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.

«Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Казино заңгері пара бергені үшін сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар