Ауа райы
1 мин оқу 431

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

<div class="description" style="text-align: justify;">Синоптиктер 6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке қарағанда, ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

«Республиканың батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік батыста шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстік-батыста тұман түседі», деді синоптиктер.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 2°С болады. Ұлытау облысының шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде топырақ бетінде -1-3°С үсік жүреді.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында жел күшейіп, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +24+26°С.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +17+19°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, түнде кей уақытта 23 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Бөлісу:
Ертең елімізде ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар