Спорт
1 мин оқу 1,270

Нұрбек Оралбай әзербайжандық қарсыласын жеңді

<p style="text-align: justify;">Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында&nbsp;қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай әзербайжандық Мурад Аллахвердиевті жеңді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кешкі сессияда қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай жекпе-жек өткізді. Ол 1/16 финалда Әзербайжан спортшысы Мурад Аллахвердиевпен кездесті.

80 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек Қазақстан спортшысының жеңісімен аяқталды.

Бүгін Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі, Айбек Оралбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.

Бөлісу:
Нұрбек Оралбай әзербайжандық қарсыласын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар