Әлем
1 мин оқу 440

Конгода су тасқынынан 176 адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Оңтүстік Киву провинциясында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 176-ға жетті. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабиже Каси айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Бушушу мен Нямукуби ауылдарында түні бойы  толассыз жауған жаңбыр Чибира өзенінің арнасынан асып кетуіне себеп болды. Өңір тұрғындарының біразы із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін табиғи апаттан 72 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Тропикалық климаттық белдеуде орналасқан Конго Демократиялық Республикасы жаңбырлы маусымда жиі табиғи апаттарға тап болады.

Бөлісу:
Конгода су тасқынынан 176 адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар