Қоғам
1 мин оқу 700

Қазақстанның қай өңірінде ер адамдардың саны көп?

<p style="text-align: justify;">2023 жылдың басында Қазақстан халқының саны 19 766 мың адамды құрады, оның 9 647 мыңы - ерлер, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.</p>

0-14 жас аралығында – 3 млн ұл бала, 15 пен 62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 876 ​​мың, 63 және одан жоғары жаста – 767 мың ер адам бар.

Өңірлер тұрғысында ең көп ерлер саны Түркістан облысында – 1079 мың, ең азы Ұлытау облысында – 108 мың адам.

Жұмыспен қамту мәселесіне келетін болсақ, ерлердің басым бөлігі өнеркәсіпте – 16,8%, көтерме және бөлшек саудада 14%, автокөлік жөндеуде, тағы 14% – ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді.

Ерлердің өмір сүру ұзақтығы 70,2 жасты құрайды. Орташа жасы – 30,5 жас. Отбасы құрудың орташа жасы - 28 жас.

Бөлісу:
Қазақстанның қай өңірінде ер адамдардың саны көп? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар