Қайрат Ахметов АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті
<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жек шебері Қайрат Ахметов (26-2) беделді промоушен One Fighting Championship Брумфилде (АҚШ, Коловадо штаты) өткізген турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/kayrat-ahmetov-pobedil-molniyu-vssha" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Ахметов «Найзағай» лақап аты бар австралиялық Рис Макларенмен (16-8) кездесті. Жекпе-жек жеңіл салмақта өтті және үш раундқа жоспарланған еді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Қайрат Ахметов кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізсе, Рис Макларен MMA-да тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.
Қазақстандық файтер One FC лигасында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сол кезден бері 9 айқас өткізді (сегіз – жеңіс, бір – жеңіліс).