Қоғам
1 мин оқу 9,000

Хабар-ошарсыз кеткен ҚТЖ қызметкерінің мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Ақмола облысында хабар-ошарсыз&nbsp;кеткен 31 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің мән-жайы анықталған жоқ. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері <a href="https://www.instagram.com/volontery_almaty_lider.kz/?utm_source=ig_embed&amp;ig_rid=9b1e0b4e-947d-4b60-bb7a-6ef841d3ef69">Instagram</a> парақшасында жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

1992 жылы туған Хамзин Жанат Жеңісұлы Есіл қаласында тұрған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да машинист болып жұмыс істеген. Биылғы жылдың 29 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. 4 мамырда ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

2 мамыр күні Ақмола облысында тағы бір ер адамның денесі табылды. Слепокуров Сергей Анатольевич 1978 жылы туған, Бұланды ауданы, Боярка ауылында тұрған. 2022 жылдың 30 қыркүйегінде таңғы сағат 04:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

Бөлісу: