Теннис
1 мин оқу 240

Әлемнің алтыншы ракеткасы

<p style="text-align: justify;">Теннистен әйелдер арасындағы еліміз&shy;дің бірінші ракеткасы, 2022 жылғы Уимблдон жарысының же&shy;ңімпазы Еле&shy;на Рыбакина әлемдік рей&shy;тингтегі өз рекордын жаратып, ресми түр&shy;де жа&shy;һанның алтыншы ракеткасы атанды.</p>

Әлемнің алтыншы ракеткасы

Испанияның бас шаһары – Мад­рид­те мә­ресіне жет­кен «Мас­терс» турни­рінен кейін халық­ара­лық Әйел­­дер тен­нисі қауым­дас­ты­­ғы (WTA) тен­нис­­шілердің жа­ңар­тыл­ған рей­тин­гін жария етті. Жаңа рейтингке сәй­кес Мадрид додасында екінші айналымға дейін жет­кен Елена Рыбакина жетінші орыннан алтыншы сатыға көтеріліп, Қазақстан теннисі тарихындағы жаңа рекордты орнатты. Яғни бүгінге дейін ел теннисшілерінің бірде-бірі жекелей сында мұндай нәтижеге қол жеткізіп көрген емес.

Ал ұлттық құраманың өзге өкілдеріне келер болсақ, Юлия Путинцева рейтингтегі орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда ол әлемдік рейтингте 51-орынға жайғасқан. Елена Ры­бакина бүгін Италияның Рим қаласында жалауы желбірейтін «Мастерс» турниріне қатысады. Отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастайды.

Бөлісу:
Әлемнің алтыншы ракеткасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар