Инфляция
2 мин оқу 340

Инфляцияны есептеу құралдары толықты

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы инфляцияны есептеу үшін пайдаланылатын деректерді жинаудың балама құралдарын таныстырды. Жаңа әдістер фискалдық чектер мен мобильді қосымша арқылы жинақталған деректер көмегімен өсімді не түсімді бақылауға мүмкіндік береді.</p>

Инфляцияны есептеу құралдары толықты

Қазір тіркеуші мамандар тексерілетін объектілердегі тауарлар мен қызметтердің бағасы бойынша деректерді қағаз журналға жазбаша енгізіп жүр. Олар ай са­йын шамамен 500-ден ас­там тауардың бағасын ба­қылайды. Ал статистиканы жаңаша қалыппен түзу жеделдікті қамтамасыз ет­пек. Ұлттық статистика бюросының басшысы Жан­­дос Шаймардановтың сөзінше, мобильді қо­сым­ша шығындарды оңтай­ландыруға және деректер сапасын арттыруға жол ашады.

«Біз таныстырып отыр­ған қосымша бағаны тіркеп қана қоймай, өнімнің штрих-кодын сканерлеп, тіпті оның суретін де түсіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ объектінің орна­ласқан жерін растап, деректерді онлайн тәртіпте жедел жібереді. Қосымша жұмыс тәртібін жеңілдетіп, деректерді өңдеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді», дейді.

Бүгінде бюроға пилот­тық тәртіпте апта сайын фискалдық операторлардан сатып алынған тауарлар мен қызметтер бойынша шамамен 100 млн жазба келіп түседі екен. Оның ішінен тауар позицияларының 53 түрі бо­йынша шамамен 10 млн жазба талданады. Онда барлығы 12 мыңнан астам бақылау-кассалық машинасының деректері ескеріледі. Демек, жаңа­шылдық тауарлар мен қыз­меттердің бағасын талдау мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. 

«Деректерді жинау әдістерінің дәлдігі мен сенімділігін үнемі артты­руға тырысамыз. Ең маңыз­ды міндеттердің бірі – фискалдық чектер сияқты балама көздерді пайдалану. Бұл әдісті Бельгия, Швеция, Швейцария және басқа да Еуропа елдері қол­данады. Біз де осы жоба­ны іске асыруға кірі­сіп, Халықаралық валюта қорының сарапшыларын жұмысқа тарттық. Мәлі­меттерді есептеу үшін фис­калдық ақпарат Қаржы министрлігінде жиналады, содан кейін әзірленіп жатқан каталогке сәйкес сұрыпталып жіктеледі. Сәй­ке­сінше, чектердегі тауар­лар тізімінен тұты­ну­шы қоржынының құ­ры­лы­м­ындағы өнім­дер­ді ажыратып алу оңтайландырылады», дейді Ұлттық статистика бюросы баға департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы. 

Бөлісу: